MMA
31 қаңтар 09:58

Шавкат Рахмоновты UFC-де жеңетін қарсыластың есімі айтылды

©Тұрар Қазанғапов

UFC-де өнер көрсететін британиялық файтер Майкл Пейдж (22-3) америкалық Белал Мухаммад (24-3) пен қазақстандық Шавкат Рахмонов (19-0) арасындағы жекпе-жекте кім жеңетінін айтты, деп хабарлайды MMAjunkie.

Пейдждің пікірі көптеген жанкүйер мен сарапшылардың ойынан бөлек болып тұр. Өйткені көпшілік қазақстандық файтер жеңіске жететініне сенімді. Ал англиялық спортшы жартылай орта салмақтың қазіргі чемпионы - Белалға лайықты баға берілмеген деген ойда. 

"Бүкіл карьерасында Мухаммад әр қадам сайын жақсарып отырды. Белал неге белбеуге лайқыты екенін паш етеріне анық сенімдімін. Мен Белал Мухаммад жеңеді деп есептеймін", - дейді Пейдж UFC-дің баспасөз мәслихаты кезінде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport