Шавкат Рахмоновқа лайықты қарсылас ұсынылды

UFC-де өнер көрсететін ирландиялық файтер Иан Гарри залда бірге жаттығатын қазақстандық Шавкат Рахмонов кіммен айқақса шыға алатыны туралы ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
UFC-де өнер көрсететін ирландиялық файтер Иан Гарри залда бірге жаттығатын қазақстандық Шавкат Рахмонов кіммен айқақса шыға алатыны туралы ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Шавкаттың америкалық Келвин Гастелуммен қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды. Қазіргі таңда менеджерлер Рахмоновқа жаңа қарсылас іздеп жатыр. Осы ретте қазақстандықпен АҚШ-тағы Kill Cliff FC залында бірге жаттығатын Иан Шавкат жұдырықтаса алатын бірнеше қарсыласты атады.
"Гастелуммен жекпе-жек Шавкат үшін жақсы болатын еді. Шавкат - мықты жігіт. Өте-мөте жақсы файтер. Мен оны кезегімен бірнше файтерге қарсы айқасын көргім келеді. Шавкаттың Кевин Холландпен жекпе-жегін тамашалар едім. Одан кейін Белал Мухаммадпен жұдырықтаса алады.
Кевин Холланд - лайықты баға берілмеген қарсылас. Мені қоса алғанда көптеген файтерге қарсы жекпе-жекте ол жақсы өнер көрсете алады. Оны қауіпті деп есептеймін. Ал Шавкатқа топ-5 тізімге жетуді көздеу керек деген ойдамын. Кевин Холланд айтарлықтай жақсы қарсылас, сондықтан матчмейкер болсам, мен Кевин - Шавкат айқасын ұйымдастырар едім", - дейді ол The Schmo-ға берген сұхбатында.
Жарнама