Шавкат Рахмонов UFC-де қанша табатынын айтты

Қазақстандық Шавкат Рахмонов (17-0) UFC-дегі табысы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық Шавкат Рахмонов (17-0) UFC-дегі табысы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
- Кейінгі айқасыңдағы гонорарың қандай болды?
- 200 000 доллардан сәл асады.
- Бұл саған тиістісі ме?
- Иә, бұл менің табысым. Негізі менің деңгейімдегі файтерлер айтарлықтай көп табады. Келісімшарт бар, соны орындау керек, амал жоқ.
- Ал жарнамадан қанша табасың?
- Ол туралы сөйлескім келмейді.
- 200 000 доллардан көп пе?
- Мұнда түрлі нюанс бар және компанияға байланысты. Маркетинг жағынан Қазақстан артта. Кей компаниялар өзіне осындай адам керегін білмей жатады. Егер мен америкалық болғанымда, мен гонорарымнан да көп табатын едім", - дейді Рахмонов.
Жарнама