Шавкат Рахмонов "Ресей атынан өнер көрсететін болыпты"

UFC-де өнер көрсететін аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Шавкат Рахмоновты ресейлік БАҚ қателескені ме, әлде басқа ма, ресейлік файтер деп атады.
UFC-де өнер көрсететін аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Шавкат Рахмоновты ресейлік БАҚ қателескені ме, әлде басқа ма, ресейлік файтер деп атады.
Ресейлік Sport24 сайты дағыстандық Ислам Махачев әлеуметтік желіде UFC-дің ең атақты чемпионы болғаны жайлы жаңалық жариялады. Одан кейін әлеуметтік желіде танымал ММА-де өнер көрсететін өзге де ресейлік спортшыларды атапты, соның ішінде, аяқ-асты Шавкат Рахмоновты да қосып қойған.
"Ал өзге ресейліктер қатарында Арман Царукян (1,9), Умар Нурмагомедов (1,8), Петр Ян (1,7), Шавкат Рахмонов (1,7) және Мовсар Евлоевта (1,3) миллионан аса жазылушы бар", - делінген Sport24 мәтінінде.
Жарнама