Шавкат Рахмонов көршілес елдерден шыққан UFC-дегі ең мықты файтерлерді атады

Шавкат Рахмонов (18-0) Адам Зубайраевтің Youtube арнасындағы Hustle Show бағдарламасында UFC-дегі ТМД елдерінен шыққан ең мықты бес файтерді атады.
Шавкат Рахмонов (18-0) Адам Зубайраевтің Youtube арнасындағы Hustle Show бағдарламасында UFC-дегі ТМД елдерінен шыққан ең мықты бес файтерді атады.
7 желтоқсан Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында Шавкат UFC чемпионы Белал Мухаммадпен (24-3) титул үшін айқасады.
- ТМД елдерінен шыққан UFC-дегі ең мықты бестікті атай аласың ба?
- Хабиб Нурмагомедов. Қазіргілерден - Ислам Махачев бірінші орында. Сосын, Мовсар Евлоев немесе Умар Нурмагомедов. Одан соң Хамзат Чимаев. Тағы кім бар? Иә, Петр Ян бар. Арман Царукян? Ол да мықты, топ-5 тізімге кіреді.
- Ал өзіңді қай орынға қоясың?
- Білмеймін, шынын айтсам. Біз үндемей ғана жеңе береміз - болды, бізге ештеңе керек емес.
Жарнама