MMA
20 ақпан 13:52

Шавкат Рахмонов көпшілік күткен чемпиондық айқасқа шықпайды

©instagram.com/shavkatrahkmonov94

Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (19-0) жартылай орта салмақтағы титулды айқас UFC чемпионы Белал Мухаммад (24-3) пен аустралиялық Джек Делла Маддалена (17-2) арасында өтетініне қатысты ойын айтты, деп жазады Vesti.kz


Негізі тиулды жекпе-жек Рахмонов пен Мухаммад арасында өту керек болатын.

"Белбеу үшін бірінші маған айқасуға ұсыныс жасағаны үшін UFC-ге рахмет. Өкінішке қарай, жарақат салдарынан мен мамыр айына дейін дайын болмаймын. Бірақ осы айқастың жеңімпазымен биыл жекпе-жек өткіземін!" - деп жазыпты Рахмонов әлеуметтік желіде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport