Единоборства
12 маусым 2023 14:29

Шавкат Рахмонов қарындасының UFC-дегі алғашқы айқасы қашан өтетінін айтты

©

Қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов "Спорт Шредингера" басылымына берген сұхбатында қарындасы Сораның UFC-де қашан дебют жасайтынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

26 мамырда Сора Рахмонова Алматыда өткен Naiza FC 51 турнирінде ресейлік Валерия Карыгинаны нокаутпен жеңді. Жеңіске жеткеннен кейін ол Дана Уайтқа UFC-де бақ сынағысы келетінін айтты.

"Кейінгі жекпе-жегі жақсы болды. Ол жақында UFC-де өнер көрсетеді. Құдай қаласа, биыл. Бұл үшін бәрі дайын деп ойлаймын. Аға ретінде мен бәріне көмектесуге тырысамын. Әрине, қиын болады", - деді Рахмонов.

ММА бойынша Сора Рахмонова бес жекпе-жек өткізіп, оның төртеуінде жеңіске жетті. Оның ағасы Шавкат Рахмонов UFC-де 2020 жылғы қазаннан бері өнер көрсетіп келеді - қазақстандық спортшы бес жекпе-жек өткізіп, барлығында мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport