Шавкат Рахмонов бірінші бапкеріне жаңа көлік сыйлады

Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) жаттықтырушысы Баян Жанғаловқа көлік сыйға тартты. Шавкат аталған көлікті тізгіндеп барып, кілтін бірден тренеріне табыстаған.
Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) жаттықтырушысы Баян Жанғаловқа көлік сыйға тартты. Шавкат аталған көлікті тізгіндеп барып, кілтін бірден тренеріне табыстаған.
Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов тренері Баян Жанғаловтың жетекшілігінде ММА бойынша әлем чемпионы атанса, M-1 Global лигасында чемпион титулын жеңіп алғанын, сондай-ақ, UFC алаңына шыға бастағанын еске саламыз.
Дивизионның жаңартылған тізімінде «Номад» лақап атымен танымал қазақстандық спортшы үшінші орында тұр. Оның алдында Белал Мұхаммад (2-орын), Камару Усман (1-орын) және чемпион Леон Эдвардс орналасқан.
Жарнама