Единоборства
31 мамыр 2022 15:06

Шавкат Рахмонов бас киімін кімнен алғанын айтты

©instagram.com/shavkatrakhmonov94/

UFC ұйымында жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмонов қасқырдың терісінен тігілген бас киімі туралы айтып берді. 

Отандасымыз UFC ұйымындағы келесі кездесуін 26 маусым күні Лас-Вегас қаласында өткізеді. Оның қарсыласы жартылай орта салмақтағы рейтингте оныншы орында тұрған америкалық Нил Мэгни болады. 

"Бұл қазақтың дәстүрлі бас киімі. Мұны біздің бабаларымыз қыста киген. Менің ойымша, бұл ерекше бас киім. Оны киіп мен қазақ елінің өткені мен кеткенін және мәдениетін көпшілікке паш етемін. Әдетте мұндай бас киімді қасқырдың терісінен тігеді. 

Мен бұл бас киімді UFC-дегі айқасқа дайындалып жатқанда сыйлыққа алдым. Менде мемлекеттік ту мен осы бас киім бар. Негізі мен оны өзім сатып алғым келді. Бірақ жанкүйерлер менің осындай бас киіммен шыққым келетінімді білгенде, осындай сыйлық жасады", - деп келтіреді Рахмоновтың сөзін Аllboxing.ru порталы The MMA Hour басылымына сілтеме жасап. 

Айта кетейік, алдағы айқас Рахмонов үшін UFC ұйымындағы төртінші кездесуі болады. Бұған дейінгі үш айқасты отандасымыз нокаутпен жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport