MMA
19 ақпан 2024 09:40
 

Шавкат чемпионмен айқасудан бас тартты ма? UFC басшысы мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

Шавкат чемпионмен айқасудан бас тартты ма? UFC басшысы мәлімдеме жасады ©UFC

UFC басшысы Дана Уайт англиялық чемпион Леон Эдвардс UFC 300 мерейтойлық турнирінде жекпе-жек өткізуге келіскенін, алайда оған қарсылас табылмағанын айтады, деп жазады Vesti.kz

blog.share

UFC басшысы Дана Уайт англиялық чемпион Леон Эдвардс UFC 300 мерейтойлық турнирінде жекпе-жек өткізуге келіскенін, алайда оған қарсылас табылмағанын айтады, деп жазады Vesti.kz

Уайттың сөзінше, жартылай орта салмақта чемпионмен жұдырықтасудан үш қарсылас бас тартқан. 

"Леон Эдвардс UFC 300 турнирінің басты жекпе-жегіне шыға алмады. Ол біздің барлық ұсынысымызға келісті. Біз бірінен соң, бірін айтып, үш қарсылас ұсындық. Ол әрдайым: "иә, иә, иә" деп қана жауап берді. Бірақ барлық үш қарсылас онымен айқасудан бас тартты. Леонға құрмет, үлкен рахмет", - дейді Дана UFC-дің баспасөз мәслихаты кезінде. 

Айта кетейік, Эдвартстың әлеуетті қарсыластарының бірі жартылай орта салмақ рейтингінде үшінші тұрған Шавкат Рахмонов. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!