Единоборства
18 қаңтар 2021 10:12

"Шаршы алаңнан қашып шықты. МакГрегор Хабибке қатысты мәлімдеме жасады

Сурет: EssentiallySports

Екі салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор өзін әлі де жеңіл дивизион чемпионы деп атауға құқық барын айтады,- деп хабарлайды "Чемпионат". 

"Жеңіл салмақта UFC чемпионы менмін. Абсолют чемпион салтанатпен жарияланбағанын білесіздер ме? 2018 жылы абсолют чемпион жария етілмеді. Хабиб шаршы алаңнан қашып шығып, мені отбасы мүшелерімен төбелессін деп қалдырып кетті. Салтанат шарасы сол күйі болған жоқ", - дейді МакГрегор YouTube-те жарияланған ESPN MMA хабарында шолушы Ариэль Хельваниге берген сұхбатында. 

Айта кетейік, МакГрегормен жекпе-жекке дейін Хабиб толыққанды чемпион болған. Белбеуді 2018 жылдың сәуірінде Эл Яквинтаны жеңіп, иеленген. Ал МакГрегор болса, титулынан айырылған. Сондықтан, Конор титулды жекпе-жектер аяқталғанда UFC президенті Дана Уайт чемпиондық белбеуді жеке өзі тағып беретін дәстүрлі сәтті айтқан болса керек.