Единоборства
19 қаңтар 2020 14:32

Серроне МакГрегормен өткен кездесуден соң ауруханаға түсті

Америкалық файтер Дональд Серроне ирландиялық Конор МакГрегордан жеңілген соң, ауруханаға жіберілді. Бұл туралы ESPN журналисі Ариэль Хелвани Twitter желісінде жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

АҚШ-тың Лас-Вегастағы T-Mobile Arena кешенінде UFC 246 турнирінің басты кездесуінде Конор МакГрегор (21-4) мен америкалық Дональд Серроне (36-13) айқасты.

Жекпе-жектен соң жеңіліске ұшыраған америкалық файтер спортпен қоштаспайтынын айтты. 

"Конор жекпе-жек бастала сала жойқын соққыларымен мені тығырыққа тіреді. Мен мұндайды күтпедім. Ары қарай не болады дейсіздер ғой? Мен осы спорт түрін жақсы көремін, айқасты жалғастырамын", - деді Серроне. 

Алайда жекпе-жектен соң америкалықтың ауруханаға жеткізілгені белгілі болды. Басқа мәліметтер әзірге жоқ. Жекпе-жек барысында оның мұрны сынған. 

МакГрегор-Серроне кездесуінің видеосы жарияланды

Айта кетейік, Серроне осымен қатарынан үшінші рет жеңіліс тапты. 2019 жылы ол Тони Фергюсоннан жеңілген, ал қыркүйекте Джастин Гэтжи "ковбойыд" нокаутқа түсірді. Америкалық файтер UFC промоушенінде 34 жекпе-жек өткізген, оның 23-інде жеңіске жеткен.