Единоборства
27 ақпан 2023 12:40
 

Серік Сәпиевпен жанжал: балуан мен бапкері видеоүндеу жасады

  Пікірлер

blog.share

Серік Сәпиевпен жанжал: балуан мен бапкері видеоүндеу жасады ©Видеодан кадр

Артем Резниковтың Sever-Yug ММА командасындағы балуан Зелімхан Мусиханов пен оның жеке бапкері Александр Гольцманның Алматыда өткен Naiza 49 турнирінде Серік Сәпиевпен болған жанжал үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Артем Резниковтың Sever-Yug ММА командасындағы балуан Зелімхан Мусиханов пен оның жеке бапкері Александр Гольцманның Алматыда өткен Naiza 49 турнирінде Серік Сәпиевпен болған жанжал үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Құрметті қазақстандықтар, жасаған әрекетім үшін кешірім сұраймын. Мен ереже бұзып, қателік жасадым. Содан ойында эмоцияға ерік бердім, Серік Сәпиев – халқымыздың мақтанышы. Ойланбай жасаған әрекетім үшін кешіріңіздер. Енді қайталанбайды. Баршаңызға ас-саламу алейкум!" - деді Мусиханов.

Оның жаттықтырушысы Александр Гольцман да халықтан кешірім сұрады.

"Ас-саляму алейкум! Құрметті қазақстандықтар, кеше менің шәкіртім ойланбай әрекет етті, мен де эмоцияға беріліп, артық сөз айттым. Мен қателестім, сондықтан шәкіртім екеуміз жасаған барлық әрекетіміз үшін кешірім сұраймын. Барша спортшы және мен батырымыз, Олимпиада чемпионы, Серік ағаға аса құрметпен қараймыз және Серік ағаны спорт, қоғам қайраткері ретінде құрметтейміз. Біздің іс-әрекеттеріміз чемпионымыздың беделіне нұқсан келтірмеуі керек, біз жағдайдың бұлай болғанын қаламадық. Бәріне кінәліміз. Бізді кешіріңіз", - деді Гольцман.

Еске салайық, Batyrball ойыны (күрес аралас баскетбол) кезінде Серік Сәпиев балуанмен жанжалдасып қалды. Балуан Зелімхан Мусиханов Сәпиевке қарсы күрес әдісін қолданған, бұл боксшыға ұнамай қалған, кейін төбелес басталған. Өзге ойыншылар спортшыларды ажыратып үлгерген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!