Сергей Морозов UFC ұйымындағы келесі кездесуіне байланысты мәлімдеме жасады
UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық файтер Сергей Морозов келесі кездесуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz тілшіі.
UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық файтер Сергей Морозов келесі кездесуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz тілшіі.
Морозов соңғы кездесуін ақпан айында өткізіп, бразилиялық Дуглас Силва де Андрадеден жеңіліп қалды. Бұл оның осы ұйымдағы екінші жеңілісі болды.
"Саят Әбдірахмановатан (Морозовтың менеджері) жақсы жаңалық естідім. Енді бастысы ЧИТЕР келісімшартқа қол қою керек", - деп жазды Морозов Instagram парақшасында.
Бірақ Сергей келесі қарсыласының кім болатынын нақты айтпады. Дегенмен оның оқырмандары отандасымыздың алдағы қарсыласы Раулиан Пайва болуы мүмкін екенін жазды. Бұл спортшы осыған дейін қазақстандық Жалғас Жұмағұловпен кездескен еді.
Одан бөлек, Морозовтың өзі дәл осы Пайвамен кездесу өткізуге дайын екенін мәлімдеді.
Жарнама