Единоборства
13 ақпан 2022 12:39
 
Сергей Морозов UFC ұйымынан 50 мың доллар сыйақы алды

  Пікірлер

blog.share

Сергей Морозов UFC ұйымынан 50 мың доллар сыйақы алды ©UFC

UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық спортшы Сергей Морозов (17-6) Хьюстонда (Техас штаты, АҚШ) өткен UFC 271 турнирінде жеңіліп қалды. Бұл жеңілісіне қарамастан ақтөбелік спортшы промоушеннен сыйақы алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Морозов пен бразилиялық Дуглас Силва де Андраде (28-4-0-1) арасындағы айқас турнирдің ең үздік жекпе-жегі деп танылды. Сондықтан да екі файтер де UFC-ден қосымша сыйақы ретінде 50 мың доллар (21,5 миллион теңге) алды. 

Айта кетейік, Морозов бүгін UFC ұйымында екінші рет жеңілді. Ол екінші раундта қылқындыру әдісіне түсіп қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!