MMA
11 қазан 2021 17:26
 
Сарапшы қазақстандық аруды UFC чемпиондығына басты үміткер екенін айтты

  Пікірлер

blog.share

Сарапшы қазақстандық аруды UFC чемпиондығына басты үміткер екенін айтты ©UFC

MMA Plus сайтының тілшісі Бен Смит қазақстандық Мария Агапованы Сабина Мазоның жеңгеннен кейін ең жеңіл салмақта UFC ұйымының чемпиондық белбеуіне басты үміткер екенін айтты. Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында ол спортшымыздың титулды айқасқа қашан шығатынын да айтты. 

"Мария Агапова жақсы кездесу өткізді. Бұл турнирдің ең үздік перфомансы болды. Ол ең жеңіл салмақта чемпиондық белбеуге басты үміткер. Иә, қазір мұндай мәлімдеме жасауға әлі ерте екенін білемін. Бірақ тағы екі-үш кездесуден кейін ол карьерасындағы басты айқастардың біріне шыға алады. 

Агапованың техникасы мықты. Соңғы кездесуінде ол өз техникасын сәтті пайдаланып, қарсыласынан айласын асырды", - деді Смит. 

Айта кетейік, Агапова Мазоға қарсы кездесуді Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында болған UFC Vegas 39 турнирінде өткізіп, жеңіске жетті. Бұл оның UFC ұйымындағы екінші, аралас жекпе-жектегі оныншы жеңісі болды. Ол қарсыластарын үш рет нокдаунмен, бес рет сабмишнмен және екі рет төрешілер шешімімен жеңген. Колумбиялық Мазо карьерасында үшінші мәрте жеңіліс тапты. Бірінші мәрте ол сабмишнмен ұтылды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!