Единоборства
21 қыркүйек 2018 10:14
 
Сахнаға полиция шықты. МакГрегор мен Нурмагомедовтың көз арбасуының видеосы

  Пікірлер

blog.share

Сахнаға полиция шықты. МакГрегор мен Нурмагомедовтың көз арбасуының видеосы © twitter.com/damonmartin

Нью-Йоркте ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор МакГрегордың жекпе-жегіне арналған баспасөз мәслихаты мен көз арбасу рәсімі өтті. Шараның видеосы ұйымның Twitter желісіндегі парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баспасөз мәслихатында МакГрегор дөрекілік танытып, бірнеше рет Нурмагомедовке тіл тигізді. Ирландиялық спортшы ресейлік қарсыласы мен оның әкесін "қорқақ" деп атады. "Бәрінен маңыздысы - алтыншы қазан. Қазір не айтқысы келсе, соны айтсын. Оның не дейтінін білемін. Алтыншы қазан - ең бастысы. Тор жабылғанда көреміз", - деп жауап берді Нурмагомедов.

Ирландиялық спортшы ресейлікке виски ұсынды, ол виски оның фирмалық өнімі болатын, бірақ қарсыласы ішуден бас тартты.

Баспасөз мәслихаты көз арбасу рәсімімен аяқталды. Сол кезде сахнаға полиция шықты.

Нурмагомедов - МакГрегор жекпе-жегі Лас-Вегаста UFC 229 турнирінің шеңберінде 6 қазанда өтеді. Ресейлік жеңіл салмақта әлем чемпионы деген белбеуін қорғайды.

Жарнама

Живи спортом!