Бразилиялық Аманда Нуньес аса жеңіл салмақта UFC чемпионы атағын сәтті қорғады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ол АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында UFC 245 турнирінде өнер көрсетті. Нуньестің қарсыласы голландиялық Жермейн де Рандами болды.
Нуньес жекпе-жек басталысымен басымдылыққа ие болды, осылайша ол төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (49:46, 49:45, 49:44) жеңіске жетті.
Айта кетейік, үш жыл бұрын Нуньес UFC жұлдызы Ронда Роузиді 48 секундта жеңген болатын.