UFC ұйымында өнер көрсететін ресейлік спортшы Забит Магомедшариповтың бас бапкері Мансур Учакаев тәлімгерінің жарақатына байланысты тағы жарты жыл жекпе-жек өткізбейтінін айтты.
"Қазір таңда дайындалып, жекпе-жек өткізуге ешқандай ниет жоқ. Мұны мен Забиттің атынан айтып тұрмын. Қазір ол емделіп жатыр. Денсаулығымен біраз қиындықтар бар. Соларды емдеу керек. Иә, ол кем дегенде жарты жыл кездесу өткізбейді", - деді бапкер.
Айта кетейік, Магомедшарипов соңғы рет 2019 жылдың қараша айында жекпе-жек өткізді. Мәскеуде өткен айқаста ол америкалық Келвин Каттармен кездесіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. Ал жуырда ол ұзақ уақыт кездесу өткізбегеніне байланысты UFC рейтингінен шығарылды.