Ресейлік UFC чемпионы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеуден өтті
Ертең Лас-Вегас (АҚШ, Невада штаты) қаласында UFC 259 турнирі өтеді. Бұл жекпе-жек кешінде ұйымның ресейлік чемпионы Петр Ян өнер көрсетеді. Оның қарсыласы америкалық Алджэмейн Стерлинг болады,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Бүгін, жекпе-жекке бір күн қалғанда спортшылар салмақ өлшеуден өтті. Оның қорытындысы бойынша Ян 61,2 кило болса, Стерлинг 61 кило көрсетті.
Айта кетейік, Ян UFC чемпиондық белбеуін өткен жылы Абу-Даби қаласында UFC 251 турнирінде бразилиялық Жозе Альдоны жеңіп, иеленген болатын.
Бұл кештің басты айқасында жартылай ауыр салмақтағы чемпион Ян Блахович пен орта салмақтағы чемпионы Исраэль Адесанья кездеседі.
Чемпиондық жекпе-жектер Нұр-Сұлтан уақытымен 7-наурыз күні шамамен 10:00-де басталады.
Жарнама