Единоборства
12 шілде 2020 10:02

Ресейлік Петр Ян Жозе Алдоны жеңіп, жеңіл салмақта UFC чемпионы атанды

Сурет: vseprosport.ru
Ресейлік спортшы Петр Ян Абу-Даби қаласында өтіп жатқан UFC251 турнирінде бразилиялық Жозе Алдоны жеңіп, ұйымның жеңіл салмақтағы чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 


Жеңіл салмақтағы UFC чемпионық белбеуі Генри Сехуда карьерасын аяқтап кеткеннен кейін бос қалған еді. Бүгін сол белбеуді Ян мен Алдо сарапқа салды. Бес раунда жоспарланған кездесудің соңғы раундында ресейлік спортшы қарсыласын жеңді. 

Еске салайық, бұл турнир барысында біздің отандасымыз Жалғас Жұмағұлов та өнер көрсетіп, бразилиялық Раулиан Пайвадан жеңіліп қалды. 

UFC 251 турнирінің басты жекпе-жегінде ұйымның жартылай орта салмақтағы чемпионы Камару Усман (16-1-0) мен америкалық Хорхе Масвидаль (35-13-0), жеңіл салмақтың чемпионы австралиялық Александр Волкановски (21-1-0) мен америкалық Макс Холлоуэй (21-5-0) арасындағы тартысты кездесулер өтеді.