MMA
7 шілде 2023 10:34

"Ресейден келген". ММА президенті Жұмағұловтың өмірі туралы

©

Ұлттық ММА, панкратион және грэпплинг федерациясының президенті Сағындық Мекеев UFC-де өнер көрсетіп жүрген Жалғас Жұмағұлов және Сергей Морозовпен қалай танысқанын айтты. "Вестник ММА" YouTube арнасына берген сұхбатында ол бірнеше қызықты дерек айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бірінші Серегамен таныстым, ол "Еркін күш" залындағы бапкер Айбек Шоқпытовқа ертерек келді. Серега алдымен футболдан бастаған, кейін джиу-джитсуға қызықты. Алғашқы бапкері сол Айбекке ертіп келген. 2010-11 жылдан бастап панкратион және ММА-мен шұғылданып, Қазақстан чемпионатына қатыса бастады. Осылай өсті. 

Жалғас бір жыл кейін келді-ау деймін, Айбек оған сонша күш салды. Жаконың өмірі де оңай болған жоқ, ол Ресейден келген ғой. Оның үстіне жастарды білесіз: төбелес, көше кезіп жүреді. Осындай шақта залға келгені дұрыс болған. Салмағы 55 келі болатын, жарысқа да осы салмақта шығатын еді. Қазір ғой ол 57 келіге әзер түсіп жүр. Ал бұрын Айбек екеуміз оған қалай салмақ жинатамыз деп ойланғанбыз", - дейді Мекеев. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport