Қазақстандық Шавкат Рахмоновтың (16-0) UFC аясындағы жаңа жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Mmajunkie мәліметінше, Рахмонов 4 наурызда Лас-Вегаста өтетін UFC 285 турнирінде америкалық Джефф Нилмен жұдырықтасады.
Бұған дейін Рахмоновтың Нилмен жекпе-жегі 14 қаңтарда Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда бұл кездесу америкалықтың жарақатына байланысты өтпей қалды.
Нил жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде жетінші, ал Рахмонов оныншы орында.