Рахмоновтың менеджері UFC-дің чемпиондығы үшін айқастың уақыты жайлы айтты
Қазақстандық Шавкат Рахмоновтың (19-0) менеджері Саят Абдрахманов "Спорт Шредингера" YouTube арнасына берген сұхбатында жартылай орта салмақта UFC чемпионы Белал Мухаммадпен (20-3) жекпе-жек қашан өетітіні жайлы ойын айтты.

"Меніңше, Белал қашан дайын болатынын әлі өзі де білмейді. Ол инфекциядан жазылып, енді ғана жаттыға бастады. Қалпына қанша уақыт келетіні белгісіз. Шавкат мамыр-сәуір деп отыр, бірақ бұл жекпе-жектің қайда өтетініне де байланысты. Егер мамыр болса, турнир Бразилияда өтеді, ал чемпиондық айқасты онда қоймайды. Бәрі турнирдің қайда өтетініне байланысты, ал бұл әзірге белгісіз", - дейді Әбдірахманов.
Жарнама