Рахмонов UFC ұйымындағы үшінші жеңісінен кейін Дана Уайтқа үндеу жасады

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (15-0) UFC президенті Дана Уайтқа үндеу жолдады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (15-0) UFC президенті Дана Уайтқа үндеу жолдады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Рахмонов инстаграм желісіндегі жеке парақшасында Уайт пен UFC-дің ресми парақшасын белгілеп, "келесі кім?" деп жазды.
Айта кетейік, 6 ақпанда Шавкат Рахмонов UFC-дегі үшінші жекпе-жегін өткізді. Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) жерлесіміз гайаналық Карлстон Харристі (17-5) бірінші раундта нокаутпен жеңді. "Номад" UFC-дегі үш жекпе-жегінде де жеңіске жетті.
Жарнама