MMA
16 қазан 10:15

Рахмонов UFC турнирін Қазақстанда өткізуге неге "қарсы" екенін айтты

©Tengrinews/Turar Kazangapov

Шавкат Рахмонов (18-0) "Вестник ММА" арнасына берген сұхбатында UFC турнирін Қазақстанда өткізуге тырысасың ба деген сұраққа жауап берді. 

7 желтоқсан Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында Шавкат жартылай орта салмақтағы чемпион Белал Мухаммадтан (24-3) титулды тартып алуға тырысады. 

- Егер сенде титул болса, UFC-дің келесі турнирлерінің бірі Қазақстанда өтуін талап етесің бе?

- Білмеймін. Әрине, Қазақстанда ММА, UFC-ді ұнататаындар көп. Бәрі жекпе-жектердің Қазақстанда өткенін көргісі келеді. Бірақ Қазақстанда турнир өткізу туралы сөйлеуге әлі ерте. Алдымен трансляция сатып алу қажет. Шатаспасам, әлі сатып алған жоқ. Менің бірде-бір жекпе-жегімде трансляция болған емес. 

Транслция сатып алу мен турнир өткізу үшін қыруар ақша керек. Меніңше, ол ақшаны одан да көмекке зәрулерге жұмсаған дұрыс немесе еліміздің қажеттілігіне. Менің пікірім осындай. 

Әлбетте, спорт - бұл жақсы, алайда онда көп ақша жұмсалады. Меніңше, бұл оған тұрмайды. Жәй ғана трансляция сатып алып та жанкүйерлерімізді қуантуға болар", - дейді Рахмонов. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport