Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммадқа үн қатты.
Белал мен Шавкат 8 желтоқсан Лас-Вегаста айқасу керек болған, алайда чемпион инфекция салдарынан жекпе-жекке шықпайтын болды.
"Белал тез сауығып кетсін. Сен 100 пайыз дайын болғанда кездесерміз. Қазір уақытша белбеу үшін UFC 310 турнирінде кез келген қарсыласпен жұдырықтасуға дайынмын", - деп жазды Шавкат твиттер желісінде.