Рахмонов келесі айқасына қатысты жағдайды түсіндірді
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дегі келесі жекпе-жегінде америкалық Джефф Нилмен жұдырықтасатынын растады. Тек бұл айқас 2023 жылдың көктеміне шегеріліп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дегі келесі жекпе-жегінде америкалық Джефф Нилмен жұдырықтасатынын растады. Тек бұл айқас 2023 жылдың көктеміне шегеріліп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қарсыластар 14 қаңтарда кездесуі керек еді, бірақ Нил жарақат алып, турнирден бас тартуға мәжбүр болды. Сонымен қатар, кейін Instagram желісіндегі тікелей эфирде Шавкат америкалықпен жекпе-жектің кейінге шегерілгенін хабарлады.
"Джефф Нил жарақат алды. Басқа қарсылас шыға алмады. Құдай қаласа, жекпе-жек наурызға шегерілді", - деді Рахмонов.
Бұған дейін ресейлік инсайдер Игорь Лазорин рейтингте Нилден төмен адаммен жекпе-жек өткізу Рахмоновқа тиімсіз екенін хабарлаған. Нил жарақат алғаннан кейін америкалық өзге файтер Брайан Барберена Рахмоновпен жұдырықтасуға ниет білдірген еді.
Еске салайық, Нил жартылай орта салмақтағы файтерлер арасында UFC рейтингінде жетінші, ал Рахмонов оныншы орында тұр.
Жарнама