Қазақстандық Шавкат Рахмонов (16-0) жартылай орта салмақ бойынша UFC рейтингіндегі 11-орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ал Рахмонов кездесуге шақырған америкалық Джефф Нил (15-4), сегізінші орыннан алтыншыға көтерілді.
Тамыз айының басында өткен UFC Vegas 59 турнирі аясындағы кездесуінде Нил бразилиялық Висенте Люкені (21-9-1) жеңген болатын.
Қоса кетейік, Нил "даяшы және бармен" мамандығының иесі. Ол он жыл бойы өз мамандығы бойынша қызмет еткен. Тіпті UFC-дегі бесінші кездесуіне дейін ол өз мамандығына адалдық танытқан. Тіпті 2020 жылдың жазында, пандемия кезінде ол қызметіне қайта барып та үлгерген.