Рахмонов жарқын жеңісінен кейін UFC президентіне талап қойды

Аралас жекпе-жекте жеңіліс көрмеген Шавкат Рахмонов екі жылдан кейін UFC чемпионы болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Аралас жекпе-жекте жеңіліс көрмеген Шавкат Рахмонов екі жылдан кейін UFC чемпионы болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) UFC Vegas 57 турнирінде Рахмонов лигадағы төртінші айқасынан кейін мәлімдеме жасады.
"Дана Уайт, менің есімімді сақтап ал! Мен UFC чемпионы болам. Бір-екі жылдың ішінде UFC чемпионы болам!", - деді Рахмонов.
Еске салайық, кештегі басты айқастардың бірінде Шавкат Рахмонов америкалық тәжірибелі файтер Нил Мэгниді уақытынан бұрын қылқындыру әдісімен жеңді.
Жарнама