Единоборства
21 сәуір 2022 19:04
 
Рахмонов Хамзат Чимаевты нокаутқа түсіретінін айтты

  Пікірлер

blog.share

Рахмонов Хамзат Чимаевты нокаутқа түсіретінін айтты ©instagram.com/shavkatrakhmonov94

ММА әлемінде жеңіліс таппаған қазақ файтер Шавкат Рахмонов (15-0) Швецияның намысын қорғап жүрген шешен ұлтының өкілі Хамзат Чимаевпен айқасы жайлы сауалға жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Егер Чимаевпен кездесіп жатсаңыз оны нокаутқа жіберіңіз", - деген Vesti.kz оқырмандарының сұрауына спортшы "Жақсы", - деп жауап берді.

Сонымен қатар, Рахмонов чемпиондық айқасқа қатысты пікірін білдірді.

"Кез келген айқаста жеңгім келеді. Ойымда тек қана жеңіс тұрады. Чемпиондық кездесуге әлі ерте деп ойлаймын. Себебі мен қанша қалағаныммен, UFC ұйымдастырушылары маған әлі де болса чемпиондық кездесу өткізуге мүмкіндік бермейді", - дейді Рахмонов.

Еске салайық, отандасымыздың келесі жекпе-жегі 26 маусым күні Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!