Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Артем Резников UFC-де өнер көрсететін Шавкат Рахмонов (19-0) 8 желтоқсан Лас-Вегаста өткен турнирде Иэн Гэрримен (15-1) көптеген жарақаты бола тұра айқасқанын айтады.
"Мен Шавкатқа Белал Мухаммадқа қарсы жекпе-жекке дайындалуға көмектесу керек едім, алайда Рахмонов бақайын сындырып алды да, жаттыға алмады. Сосын АҚШ-қа ұшып кетті, ол жақта тізесіне бірдеңе болды.
Гэрримен айқасқа ол бірнеше жарақатпен шықты. Тізесіне нақты не болғанын білмеймін, бірақ бақайының сынығы - бұл ауыр жарақат, оның салдарынан Шавкат күресе алмады", - деп береді Резниковтың сөзін "РБ Спорт".