Ресейлік порножұлдыздар Елена Беркова мен Лола Тейлор арасында ММА ережесі бойынша өткен жекпе-жек кеші UFC Fight Night 206 көрсетілімінен асып түсті, деп жазады Kp.ru.
Қос актриса 18 мамырда Epic Fighting турнирінде айқасты. Бір қызығы екі арудың арасындағы жекпе-жекті бір мезетте төрт миллион көрермен тамашаласа, дәл сол уақытта өткен UFC турнирін небәрі 400 мың көрермен тамашалаған. Бұл ақпаратты Mediascope растап отыр. Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 206 бәсекесінде Кэтлин Виера (13-2) төрешілер шешімімен Холли Холмды (14-6) жеңді.
Ал Ресейдегі кеште Тейлорды жеңген Беркова залда отырған балерина Анастасия Волочкованы жекпе-жекке шақырды. Балерина болса ол ұсыныстан бас тартты.
Беркова мен Тейлор кездесуін 1:35:34 секундтан бастап көре аласыздар.