Порьемен айқаста аяғын сындарған МакГрегорге операция жасалды

Порьемен жекпе-жек кезінде аяғын сындырып алған Конор МакГрегорға 3,5 сағат ота жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі TMZ Sports порталына сілтеме жасап.
Порьемен жекпе-жек кезінде аяғын сындырып алған Конор МакГрегорға 3,5 сағат ота жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі TMZ Sports порталына сілтеме жасап.
Қазір спортшы Лос-Анжелестегі клиникада жатыр.
Портал мәліметі бойынша, МакГрегордың жіліншік сүйегіне интрамедулярлы өзек салынып, ұзын түтікше тәрізді аяқ сүйегі пластина және бұранда арқылы бекітілген.
Еске салайық, аралас жекпе-жек файтері (MMA) Конор МакГрегор мен Дастин Порье арасындағы жекпе-жек 11 шілдеде Лос-Анджелесте өткен болатын. Жекпе-жек бір раундқа созылды. Алғашқы бес минуттың соңында МакГрегор аяғын қайырып, сындырып алған еді. Дәрігерлер Конор жекпе-жекті жалғастыра алмайтынын айтып, жеңіс техникалық нокаутпен Порьеге берілді.
Жарнама