MMA
11 сәуір 2018 13:12
 
Полпудниковпен үшінші рет кездесу маған қызық емес - Арман Оспанов

  Пікірлер

blog.share

Полпудниковпен үшінші рет кездесу маған қызық емес - Арман Оспанов ©:sportbox.ru

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман «Сұңқар» Оспанов алдағы АСВ 86 турнирінде болатын жекпе-жегіне дайындығы мен Полпудниковке қарсы өткізетін үшінші жекпе-жегі туралы айтып берді.

Ережесіз жекпе-жектен еліміздегі ең үздік спортшылардың бірі — Арман «Сұңқар» Оспанов Fightnews.info сайтына алдағы жекпе-жегіне дайындығы мен Алексей Полпудниковпен үшінші рет өткізу туралы сұрақтарға жауап берді.

«Акоп Степанян өте мықты спортшы. Спорттық мансабында Bellator тұжырымында сынға түсіп, жарқын жеңістерге қол жеткізген. Бірақ соңғы кездері сәтсіздікке жиі ұшырап жүр. Сондықтан жеңіске жету үшін аянып қалмасы анық», – деді Оспанов.

Полпудниковпен үшінші рет жекпе-жек өткізу туралы

«Мен Алексейді 2013 жылы өткізген жекпе-жегімде жеңгенмін. Екінші кездесуде де жеңіске жеттім. Аралас жекпе-жектен хабары бар барлық адамдар да мұны растады. Иә, ол маған қарсы тамаша жекпе-жек өткізді. Шынымды айтсам, онымен үшінші рет жекпе-жек өткізудің еш мәні жоқ», – деді Сұңқар.

Федор Емельяненко- Фрэнк Мир арасындағы жекпе-жек және МакГрего мен Головкин туралы 

«Федор мен Фрэнк Мир арасындағы жекпе-жекте кімнің жеңіске жететін нақты басып айта алмаймын. Федор ММА спортында аты аңызға айналған жан. Өз басым, Емельяненкоға жанкүйер боламын. МакГрегор өзіндік тарихы бар мықты спортшы. Бірақ оның соңғы әрекетін құптамаймын. Ал Головкин теңдесіз чемпион, ол қазір нағыз бабында», – деді Арман.

Айта кетейік, АСВ 86 турнирінде Акоп Степанянға қарсы жекпе-жек өткізеді. Акоп сегізбұрышта 26 кездесу өткізіп, 19 рет жеңіске жеткен.

Жарнама

Живи спортом!