Жеңіл салмақта UFC промоушенінің уақытша чемпионы Петр Ян рейтингте екі саты жоғарылады, деп жазады Vesti.kz.
Ресейлік ММА шебері жуырда Абу-Дабидегі UFC 267 турнирінде Кори Сэндхагенді жеңген соң рейтингте 11-орынға көтерілді.
Осылайша, Ресейлік спортшылар арасында Ян ең үздік нәтиже көрсетіп тұр. 61 келіге дейінгі салмақта лиганың қазіргі чемпионы америкалық Алджамейн Стерлинг болса топ 15 спортшының арасынан табылмады.