Өзін екі рет нокаутқа түсірген файтер мазақ болды
Р-Спорт басылымы өзін өзі нокаутқа түсірген споршы туралы жазыпты.
Р-Спорт басылымы өзін өзі нокаутқа түсірген споршы туралы жазыпты.
Орта салмақтағы америкалық файтер Тимоти Вудс кәсіпқойдағы 14 жекпе-жектің жетеуінде жеңілген. БАҚ назарына ол 2015 жылы ілінді. Ол кезде үстіне мініп алған қарсыласын лақтырамын деп өзі баспен түсіп, есінен танып қалған еді. Осылайша, оның қарсыласы - Сэм Оропеза 51 секундта жеңіске жетеді.
Үш жылдан кейін Вудс осы қателігін қайталайды. Бұл жолы Тим Кэронды лақтырамын деп тағы бетпен түседі. Қарсыласы оған бірнеше соққы жасайды, алайда, оның қажеті жоқ еді. Тимоти құлаған бетте талып қалған болатын. Бұл нокаут та бірінші раундта тіркелген.
Осыдан кейін тұзы жеңіл спортшыны ешкім шаршы алаңнан көрмеді, алайда, оның жекпе-жектері мемге айналып кетіпті.
Жарнама