Естеріңізге салсақ, таяуда Конор қазақстандық ММА мен бокс туралы сұраққа жауап беріп жатып, Қазақстанға шақырса, барып қалуы мүмкін екенін айтқан болатын.
"Макгрегор - маймыл. Айтқандары бос сөз. Оның өмір салты ұнамайды. Қазақстанға келгенін қаламаймын. Егер келсе, ешкім оған бармасын деп айтқым келеді. Ол тек лас нәрсеге үйретеді", - деді Жұмағұлов.
Айта кетейік, 31 жастағы Жалғас Жұмағұлов 19 қазанда Сочиде өткен Fight Nights Global 95 турнирінде 34 жастағы ресейлік Али Багаутиновты жеңіп, чемпиондық титулын қорғап қалған болатын.