MMA
3 мамыр 2021 15:12

Ол енді төбелеспейтін шығар. Менеджер UFC-де өнер көрсететін ресейлік спортшы туралы

Сурет: UFC©

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін ресейлік Забит Магомедшариповтың менеджері жартылай жеңіл салмақтағы спортшының карьерасын аяқтағаны туралы ақпартқа пікір білдірді. 

Еске салайық, бұған дейін 30 жастағы Магомедшарипов операция жасатып, содан соң аралас жекпе-жектегі карьерасы туралы шешім қабылдайды деген ақпарат шығып еді. 

"Забит өз ойынан қайтпады. Ол енді октоганда төбелеспейтін шығар. Дегенмен де біз бұл туралы сөйлесіп, қандай шешім шығарғанымызды айтамыз", - деп келтіреді менеджердің сөзін "Чемпионат" порталы. 

Айта кетейік, Магомедшарипов аралас жекпе-жекте 18 кездесу өткізіп, біреуінде ғана жеңілген.