MMA
20 қаңтар 2020 08:26

Нурмагомедовтың әкесі МакГрегормен қарымта жекпе-жек туралы мәлімдеді

© sport.ua
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор МакГрегормен қарымта жекпе-жекке шыққысы келеді. Бұл туралы "Р-Спорту" порталына берген сұхбатында ресейлік файтердің әкесі Абдулманап Нурмагомедов мәлімдеді.

Кеше МакГрегор UFC 246 турнирінде амеркиалық Дональд Серронені 40 секундта нокаутқа түсірген. Бұл ирландиялық файтердің 2018 жылдың қазанында Нурмагомедовтен жеңілгеннен кейінгі алғашқы жекпе-жегі. 

Ал МакГрегор Серронені жеңгеннен кейін UFC президенті Дана Уайт ирландиялықтың келесі қарсыласы Нурмагомедов болатынын хабарлады.

"Бізге де Конор керек, тек 100 миллион доллар беріңіздер. Фергюсонмен жекпе-жектен ертесінде осы сомманы берсеңіздер неге қарымта өткізбеске? Білмеймін, мүмкін Дана Уайт осындай гонорармен жекпе-жек өткізгісі келетін шығар, егер осы кездесу қажет болса", - дейді Абдулманап Нурмагомедов.