Единоборства
19 сәуір 2019 09:33
 
Нурмагомедовтің менеджері келесі жекпе-жектің уақытын айтты

  Пікірлер

blog.share

Нурмагомедовтің менеджері келесі жекпе-жектің уақытын айтты © РИА Новости

UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің менеджері Ризван Магомедов ресейлік спортшы келесі жекпе-жекті қыркүйекте өткізуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қыркүйекте Хабиб турниге орала ма? Жекпе-жекке қатысатынына тоқсан пайызға сенімдімін. Мүмкін қарсыласы Порье болатын шығар? Бұл туралы нақты айта алмаймын. Себебі жекпе-жек жайлы келісімдер әлі жүріп жатыр", - деді Магомедов.

Айта кетейік, Нурмагомедов былтыр қазанда Лас-Вегаста өткен UFC 229 турнирінде ирландиялық Конор МакГрегорды жеңіп, жеңіл салмақтағы титулын сақтап қалды. Ол кезде жекпе-жек ерегеспен аяқталған еді. Жекпе-жек аяқталған соң ресейлік спортшы октагон қоршауынан секіріп шығып, жанкүйерлер жаққа бет алған. Кейін екі команда арасында төбелес болды.

Бұл оқиғадан кейін Неваданың (NSAC) Атлетикалық комиссиясы Нурмагомедовті турнирден тоғыз айға шететті, сондай-ақ оған 500 мың доллар айыппұл салды. Келісімшарт бойынша Нурмагомедов UFC турнирінде тағы бір жекпе-жек өткізуі тиіс. Осыған дейін оның Ұлыбританияда үш жекпе-жек өткізетіні хабарланған.

Жарнама

Живи спортом!