Единоборства
18 сәуір 2018 15:40
 
Нурмагомедов келесі кездесуін Ресейде Порьеге қарсы өткізеді

  Пікірлер

blog.share

Нурмагомедов келесі кездесуін Ресейде Порьеге қарсы өткізеді ©.AllFight.Ru

UFC 223 турнирінде америкалық Эл Яквинтаның UFC тұжырымының чемпионы атанған Хабиб Нурмагомедов (26-0) келесі кездесуін Ресейді тағы бір америкалық Дастин Порьеге (23-5) қарсы өткізуі мүмкін, деп хабарлайды mmaboxing.ru порталы. 

Джастин Гейтжиді (18-2) нокаутпен жеңген Дастин Порье Хабиб Нурмагомедовтың менеджері хабарласып, жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс жасағанын айтты. Қазіргі уақытта Тони Фергюсон (23-3) жарақат алып қалған, ал Конор МакГрегордың (21-3) октоганға оралуы екіталай. Сондықтан Нурмагомедовтың келесі қарсыласы Порье болуы әбден ықтимал. 

"Менің ойымша, Тони Фергюсонны алдағы тоғыз айда жекпе-жек өткізе алмайды. Конор МакГрегордың да қайта оралуы күмәнді. Сол үшін Хабибтің менеджері менімен байланысқа шығып, келесі кезекте мен екенімді және жекпе-жек ұйымдастырғысы келетінін айтты. Жекпе-жек Ресейде өтуі мүмкін. Бұған дейінгі сұқбаттарымда айтқанымдай, мен реванш өткізуге ниетті емеспін. Мен чемпион болып, есепшотымдағы ақшаны көбейткім келеді. Сондықтан да мен жекпе-жекке келдім. Мен әлем чемпионы және әлемнің үздік спортшысы болуды қалаймын", - дейді Порье. 

Айта кетейік, Тони Фергюсон және Конор МакГрегордан бөлек Хабиб өзінің белбеуін америкалық Эдди Альвареске (29-5) қарсы қорғауы да әбден ықтимал. 

Жарнама

Живи спортом!