Единоборства
13 қыркүйек 2020 17:26

Нурмагомедов Гэтжимен өтетін кездесудің алдында жаттығуын тоқтатып қойды

Хабиб Нурмагомедов. Фото: Ethan Miller©
Жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов америкалық Джастин Гэтжимен өтетін кездесудің алдында жаттығуын уақытша тоқтатты. 

"Жаттығу жалпы жақсы өтіп жатыр. Абу-Дабиге ұшып келдім. Мұнда келгеніме екі күн болды. Қазір жаттығу жасап жатқан жоқпын. Тісім ауырып, жағым ісіп кетті. Ертең де жаттығу жасамайтын шығармын. 9 қыркүйек күні әкемнің құрметіне өткен турнирде мені көрген болсаңыздар, мен маска тағып жүрдім. Сол кезде тісім ауырып бастады. Ертең емес, арғы күні жаттығуға кірісетін шығармын. Жалпы бәрі жақсы өтіп жатыр. Негізі мен жаттығуға шілдеде кірісіп кеткенмін", - деп келтіреді оның сөзін Sport24. 

Еске салайық, Нурмагомедовтің келесі кездесуі 24 қазан күні Абу-Даби қаласындағы "Жауынгерлер аралында" өтеді. Бұл жекпе-жекте ол Джастин Гэтжиге қарсы чемпиондық белбеуін қорғайды. Сондай-ақ осы кеште қазақстандық спортшылар Сергей Морозов пен Шавкат Рахмонов ұйымдағы бірінші кездесулерін өткізеді.