MMA
20 қаңтар 09:33
 

Нурмагомедов Двалишвилимен айқастағы сенсациялық жеңілісін түсіндірді

  Пікірлер

blog.share

Нурмагомедов Двалишвилимен айқастағы сенсациялық жеңілісін түсіндірді ©UFC

UFC-де өте жеңіл салмақта жұдырықтасатын дағыстандық Умар Нурмагомедов (18-1) грузиялық Мераб Двалишвилимен (19-4) өткен жекпе-жегіне қатысты ойын айтты. 

blog.share

UFC-де өте жеңіл салмақта жұдырықтасатын дағыстандық Умар Нурмагомедов (18-1) грузиялық Мераб Двалишвилимен (19-4) өткен жекпе-жегіне қатысты ойын айтты. 

Умардың сөзінше, ол бұл айқаста жеңілген жоқ. 

"Бұл жекпе-жекте жеңілмеген сияқтымын, бірақ, қалай болса да, АльхамдулиЛлях. Бірінші раундтан кейін ұра алмай қалдым, меніңше, қолымды сындырып алғандайымн. Жекпе-жекті қайта қарауым қажет, жеңілгеніме сеніңкіремей тұрмын. 

Бәрін күттім, ол - мықты жігіт, алайда күтпеген жалғыз дүние - бірінші раундта қолымды сындыратыным. Барлық жанкүйергерге қолдау үшін рахмет". 

Бұл Нурмагомедовтің алғашқы жеңілісі

Өте жеңіл салмақтағы чемпиондық айқас АҚШ-тың Калифорния штатындағы Инглвуд қаласында өткен UFC 311 турнирінде болды. Бұл кездесуде Двалишвили төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, Мераб жеңіс сериясын он екіге жеткізді. Грузиялық чемпион титулын алғаш рет қорғаса, Нурмагомедов карьерасында алғаш рет жеңіліп отыр. Бұл оның титул үшін алғаш айқасуы. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!