MMA
30 желтоқсан 2021 11:26
 
Нокдауннан тұрып. "Қазақстандық МакГрегор" қарсыласын нокаутқа түсірді

  Пікірлер

blog.share

Нокдауннан тұрып. "Қазақстандық МакГрегор" қарсыласын нокаутқа түсірді ©Naiza FC

28 жастағы аралас жекпе-жек шебері Фаниль Рафиков (20-5) карьерасында 20-шы рет жеңіске жетті. Қазақстандық спортшы шаршы алаңға Алматыда өткен Naiza FC 36 турнирінде шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жеңіл салмақта өнер көрсететін павлодарлық файтер ивенттің басты кардында қырғызстандық Каныбек Жаныбек Уулумен (11-8) жұдырықтасты. Фаниль жекпе-жекті екінші раундта нокаутпен аяқтады. 

Айта кетейік, бірінші раундта "қазақстандық МакГрегор" атанып кетен Рафиков нокдаунға түсті, алайда, бірден есін жинап алды. 

DAR Team Pro командасының өкілі үшін бұл 20-шы жеңіс және ол бес рет жеңілген. Ал Жаныбек Уулу карьерасында сегізінші рет жеңіліп отыр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!