М-1 лигасының бұрынғы чемпионы Арман Әшімов өзін жалаң жұдырықпен өтетін айқастарда сынап көрмек, деп хабарлайды Sports.ru.
Арман 14 желтоқсан Machatch FC лигасында өнер көрсетеді. Оның қарсыласы бокстан Украина чемпионы, әлем чемпионаты мен Еуропа ойындарына қатысқан Тимур Беляк болады.
Арман ММА-дегі кейінгі жекпе-жегін NFC промоушенінде өткізіп, әзірбайжандық Серхан Валилиді нокаутпен жеңген.
Жалпы Әшімов аралас жекпе-жекте 12 жеңіске жетіп, оның сегізін нокаутпен және бірін сабмишенмен аяқтаған.