MMA
15 маусым 2021 13:37
 

"Нокаутпен жеңеді деп ойлаймын". Сарапшы UFC-дегі қазақ файтердің аты дүркірейтініне сенімді

  Пікірлер

blog.share

"Нокаутпен жеңеді деп ойлаймын". Сарапшы UFC-дегі қазақ файтердің аты дүркірейтініне сенімді Сурет: Cageside Press

USA TODAY Sports порталының журналисті Нолан Кинг қазақстандық Шавкат Рахмонов (13-0) бразилиялық Мишель Празересті (26-3) нокаутпен жеңуі мүмкін екенін айтады. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ол екі спортшыға сипаттама берді. 

blog.share

USA TODAY Sports порталының журналисті Нолан Кинг қазақстандық Шавкат Рахмонов (13-0) бразилиялық Мишель Празересті (26-3) нокаутпен жеңуі мүмкін екенін айтады. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ол екі спортшыға сипаттама берді. 

"Шавкат Рахмонов UFC-дегі болашағы зор файтерлердің бірі. Екінші айқасында ол тәжірибелі ардагермен жұдырықтасады. Мишель Празересте промоушендегі мықты жекпе-жектер аз болған жоқ. Бір кезде жеңіс сериясын алтыға дейін жеткізген, алайда, оған сол күйі титулды айқас бермеді. Танымалдылық жетпеді. Празерестің жанкүйерлері көп емес, дегенмен, ол тұрақты нәтиже көрсететін файтерлердің бірі. Ол әрдайым барын салады. Оның басымдығы партер. Егер ол өзіне ыңғайлы жағдайда жұдырықтасса, қазақстандықта қиындықтар болады. 

Бірақ алдағы айқаста Шавкат жеңеді деп ойлаймын. Ол жылдам соққы жасайды және осал тұсы жоқ спортшы. Нокаутпен жеңеді деп те ойлаймын. Солай болса, Рахмоновтың аты дүркірей түседі", - дейді Кинг. 

Айта кетейік, бұл жекпе-жек 26 маусым Лас-Вегаста өтеді. Рахмонов үшін бұл UFC-дегі екінші айқас. 

Жарнама

Живи спортом!