Единоборства
11 қыркүйек 2022 12:12

Нейт Диас қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді

©UFC

Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC 279 турнирі мәресіне жетті. Кештің басты айқасында қос америкалық – 37 жастағы Нейт Диас (21-13) пен 38 жастағы Тони Фергюсон (25-8) кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бес раундқа жоспарланған айқастың төртінші раундында Диас қылқындыру әдісімен жеңіске жетті.

Бұл Нейт Диастың 2019 жылдан бергі алғашқы жеңісі болып отыр. Осы уақыт аралығында ол екі рет қарсыластарына есе жіберген еді. Ал Фергюсон болса аталмыш промоушенде қатарынан 5 рет жеңіліс тапты.

Еске салайық, кештің басты жекпе-жегі Хамзат Чимаев (12-0) пен Нейт Диас арасында өтуі тиіс еді. Алайда шешен спортшысы салмақ өлшеу рәсімінен (ред. 3,5 келі артық салмақ) өте алмады. Нәтижесінде ұйымдастырушылар қысқа уақытта өзгерістер енгізуге мәжбүр болды.  

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport