Невада штатының Мемлекеттік спорттық комиссиясының (NSAC) Боб Беннет бокстан 12 дүркін әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Флойд Мейвезер мен жеңіл салмақта UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегордың жекпе-жегіне рұқсат берді.
"Мен бұл жекпе-жектің өтуіне рұқсат беремін. Спорт әлемінде мұндай жағдайдың болуы бірінші рет емес. Біз жақсы бір жекпе-жек көретін боламыз. Өйткені шынында мықты спортшылар жекпе-жек өткізеді. Бұл МакГрегордың бокс шаршы алаңындағы бірінші кездесуі болмақ. Және біз бірінші рет ережесіз жекпе-жек спортында бақ сынап жүрген спортшы мен боксшы арасындағы кездесуге куә боламыз", - деп келтіреді Беннеттің сөзін Boxing News порталы.
Қазіргі уақытта МакГрегор бұл кездесуге дайындықты бастап кетті. Бірақ екі спортшының командасы әлі келісімшартқа қол қоймағар. Бокс ережесі бойынша өтетін жекпе-жек қыркүйек айында өтеді. Тағы бір дереккөздің мәліметі бойынша, кездесу 10 тамыз күні Лас Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді.
Бұған дейін Флойдтың өзі МакГрегормен жек-жек өткізу үшін карьерасын қайта бастағанын айтқан еді.

Жарнама