MMA
3 қыркүйек 14:12
 

“Мылжасын шығарамын“. UFC чемпионы Шавкатпен жекпе-жек жайында

  Пікірлер

blog.share

“Мылжасын шығарамын“. UFC чемпионы Шавкатпен жекпе-жек жайында ©FightTime

Жартылай орта салмақта UFC чемпионы Белал Мухаммад (24-3) қазақстандық Шавкат Рахмоновпен (18-0) жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады, деп жазады Submission Radio.

blog.share

Жартылай орта салмақта UFC чемпионы Белал Мухаммад (24-3) қазақстандық Шавкат Рахмоновпен (18-0) жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады, деп жазады Submission Radio.

Мухаммад 27 шілдеде Леон Эдвардсті (22-4) жеңіп, одан UFC белбеуін тартып алған болатын. 

"Қазіргі таңда Шавкатпен айқасқаным дұрыс. Бәрі оны жеңілмейді деп ойлайды. Instagram желісінде оны қолдайтындар маған мыңдап жазып жатыр. Мен бәрінің аузын жапқым келеді. 

Кейінгі айқастарымда бәрі мені жеңілетінімді айтатын. Ал Рахмоновқа қарсы жұдырықтасып, оның мылжасын шығарсам, басқа сөз қалмайды. Усманды жеңсем "ой ол жеңіліс сериясында, тізесі осал, баяғыда бабынан кеткен. Қайдағы бір заманы өткен шалды сабадың" деп шығады. Ал Шавкатты жеңсем, ауыздарына құм құйылады. Ол жеңіліп көрмеген және жекпе-жектерінің бәрін нокаутпен аяқтаған. Сондықтан бұл менің назарым түскен жігіт", - дейді Белал. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!